Ермұхамет Ертісбаев: Қазақстанға төңкеріс керек пе?
Ермұхамет Ертісбаев: Қазақстанға төңкеріс керек пе?
394
оқылды
Оның айтуынша, Қазақстанға жоғарыдан төңкеріс қажет. «Ресей үшін де, Қазақстан үшін де немесе ТМД-ның басқа елдері үшін дамудың 2 жолы бар. Бұл – революция немесе эволюция. Мен екінші жолды жақтаушымын. Мемлекеттік қызметкер кезімде де, қазір де бір мақсатты көремін. Мен қазір еркін адаммын. Басты мақсатым – Қазақстандағы революцияға жол бермеу. Қазақстан төңкерісі тек жоғарыдан болуы керек деп сенемін. Жоғарыдан төңкеріс – бұл термин, терең ауқымды реформалар. Екінші президент Қасым-Жомарт Тоқаев оларды жүзеге асырады деп үміттенемін», – деді ол. Ермұхамет Ертісбаев Ресейде болып жатқан митингілерге революциялық сипат берудің қажеті жоқ деп есептейді. «Революциялық жағдайдың бірінші белгісі – билік елді бұрынғыдай басқара алмайды, екіншісі – халық бұрынғыдай өмір сүргісі келмейді. Революциялық жағдайдың үшінші маңызды белгісі – революциялық бұқараның ерекшелігі. Егер Ресей жағдайында осы үш белгіні қарастыратын болсақ, бәрі түсінікті болар. Билік басында ештеңе өзгерген жоқ. Жарты жыл бұрын Хабаровскіде митингке 150 мың халық шықты. Бірақ билік оған төтеп берді, бұрынғыдай басқарып отыр. 23, 31 қаңтардағы митинг. Полиция митингіге қарсы өте қатал шаралар қолданды. Билікте басқа таңдау жоқ. Егер полиция жұмсақ әрекет етсе немесе оларға қарсы шықпаса, бүгін 30 мың адам шығады, ертең 300 мың адам шығады. Кейін билік төтенше шаралар қабылдауға мәжбүр болады. Қантөгіс сияқты жағымсыз оқиғалар болуы мүмкін. Аталған оқиға, менің ойымша, Ресейде революциялық жағдайдың белгісі жоқ екенін көрсетті. Биліктің күші жеткілікті, әлі де қуатты, тұрақты. Әлбетте дағдарыс болып тұрады. Мәселен бүгінгі бұқара әділетті қоғам қалыптастыруды, ашықтықты талап етеді. Бұған билік құлақ асады деп ойлаймын және шешімі табылады», – дейді Ермұхамет Ертісбаев.