Созақ ауданында жерасты суы көтеріліп, қауіп төндірді
Созақ ауданында жерасты суы көтеріліп, қауіп төндірді
241
оқылды

ТЖД мәліметінше, Шолаққорған ауылы маңындағы елдімекенде қар мен жаңбыр салдарынан жерасты суы көтерілген.

Әзірге үйлерді су баспаған. Жағдай толық бақылауға алынып, облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқамановтың басшылығымен шұғыл жиналыс өтті. ТЖД бастығы Нұрғали Жүнісов пен аудан әкімдігінің мамандары Жеткіншек елдімекенінде штаб құрды. Екі тәуліктен бері 6 мотопомпа су сору жұмыстарын жүргізіп жатыр.
«Жердің ылғалдылығы мен ақжауынға байланысты жерді қазу жұмыстары жүргізілуде. Судың қай жақтан келіп жатқанын анықтау үшін екі зерттеу орталығы жұмыс істеп жатыр. Ал, жерасты суларынан зақым келген үйлерде сараптама жүргізу үшін құрылыс компаниялары тартылды. Жеткіншек ауылында 92 үй бар. Ауылдағы барлық үйдің ауласына су кірмеген. Бұл баспаналарды арнайы мамандар бағалап тексереді», – делінген хабарламада.