Павлодарда көшеде қызды ұрған ер адамға қатысты тергеу басталды
Павлодарда көшеде қызды ұрған ер адамға қатысты тергеу басталды
158
оқылды

Дүкенде ер адам мен 13 жастағы қыз ерегесіп қалғаны анықталды. Бұл туралы Polisia.kz жазды.

Жанжалдасқан ер адам қызды ұрып-соққан. Қыздың ата-анасы полицияға арызданды.

Павлодар облыстық Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыровтың айтуынша, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сараптама нәтижелері бойынша Қылмыстық Кодекстің 293-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Павлодарда көшеде бүкіл елдің көзінше ер адамның жасөспірім қызды ұрғаны түсірілген видео сол маңдағы дүкеннің бейнекамерасына түсіп қалған. Оқиғаны көшедегі адамдар көрсе де, қызға араша түспеген.