Тұрғын үй мәселесі азаматтар үшін әлі де өзекті екеніне тоқталды.
«Халықтың тұрмысын түзеудің тетігі – қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету. Біз осы маңызды мәселені шешу үшін ауқымды шаралар қабылдап жатырмыз. Қазір азаматтарымыз өзінің зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдаланды. Бұл – бұрын-соңды болмаған теңдессіз қадам. Жаңа бастаманың жүзеге асқанына бір ай ғана уақыт өтті. Мыңдаған азамат көптен күткен баспанасын алды. Ипотекасын төледі немесе несиесінің көлемін азайтты», – деді Президент.
Дегенмен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, тұрғын үй мәселесі азаматтар үшін әлі де өзекті. Былтыр тұрғын үй құрылысының көлемі 11,2 процентке өсті. Жақсы көрсеткіш болғанымен, өңірлерде ахуал әрқилы.