«Қазақстанда қос азаматтыққа тыйым салынған. Тиісті норма Конституциямызда да бар. Дегенмен, соңғы уақытта тіпті мемлекеттік қызметшілерде қос азаматтықтың бар екендігі туралы фактілер жиі кездеседі. Бұған жол беруге болмайды. Бұл – өте байыпты мәселе. Өйткені ұлттық қауіпсіздігімізге қатысты. Мұндай фактілердің жолын кесу қажет», – деді Президент.
Қос азаматтығы бар мемлекеттік қызметшілер, квазимемлекеттік ұйымдардың басшыларына қатысты жауапкершілікті күшейту керегін тапсырды.