Ауа райының нашарлауына байланысты Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына келіп-кететін ұшақ рейстері уақытша тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қазіргі уақытта өзге қалалардан келетін 9 рейс кеш келуіне байланысты уақытша тоқтап тұр.
Бұл Fly Arystan әуекомпаниясының екі рейсі (Павлодар, Мәскеу) және «Эйр Астана» әуекомпаниясының жеті рейсі (оның ішінде, Алматы – 2 рейс, Қызылорда, Шымкент – 2 рейс, Ақтөбе, Орал).
«Әуежайдан ұшып шығатын бес рейс кешігеді: «Эйр Астана» әуекомпаниясының Алматыға төрт рейсі және «Аэрофлот» әуекомпаниясының Мәскеуге бағыты бойынша бір рейсі. Желдің екпіні қатты болғандықтан (секундына 15 метрден және одан жоғары) ұшу қауіпсіздігі мақсатында әуе кемелерін мұздануға қарсы сұйықтықпен өңдеуге жол берілмейді», - деп хабарлаған әуежайдың баспасөз қызметінің PR-менеджері Жеңіс Ахметжанов.
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы штаттық режимде жұмыс істейтіні хабарланды.