«Nur Otan» партиясының Атырау облыстық филиалында сайлауалды бағдарламаның Жол картасына сай жұмысшы топтың келелі отырысы өтті.
Кеңесте «Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі – жемқорлықпен күрес» төңірегінде жиынға қатысушылар ой-пікірлерін білдірді. «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Ожаев жүргізген жиында күн тәртібіндегі өзекті мәселелер қаралды. Азаматтарға электронды цифрлы қолтаңбаны алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жандандыру бойынша былтыр 30 іс-шара өтсе, биыл оның санын 42-ге жеткізу жоспарланған. Жыл сайын бұл көрсеткішті арттыру көзделіп отыр. Сондай-ақ электронды форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтер алу бойынша түсіндіру жұмысының санын биыл 68-ге жеткізу мәселесі қаралды. Сонымен қатар Атырау қаласы мен аудан әкімдіктерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияларында жыл сайын, жалпы саны кем дегенде 50 мәселені қарастыру жайы да назардан тыс қалмады. Жиында тұрғындарды мазалаған өзекті мәселені ескерусіз қалдырмау үшін әлеуметтік Telegram чатын ашып, өңірде болып жатқан түйткілді түйінді бақылауға алу тапсырылды. Оның шешу жолын да қарастыру қажеті басқосу барысында айтылды.Әбілмансұр ЖАСАН