Арыста әскери сайыс төбелеске ұласты
Арыста әскери сайыс төбелеске ұласты
196
оқылды

Жеткіншектер әділқазылардың шешімімен келіспеген. Бұл туралы КТК хабарлады.

Сайысты салтанатты түрде қорытындылауға Мәдениет үйіне жиналған оқушылар бір-бірімен төбелесті. Жарақат алғандар жоқ. Полицейлер тәртіп сақтамаған оқушыларды тергеп жатыр. Карантин талабын сақтамағаны үшін іс-шараны ұйымдастырушылар әкімшілік жазаға тартылды.

Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова: «Іздестіру нәтижесінде, бұзақылыққа қатысқан жергілікті тұрғындар анықталды. Барлығы жас жігіттер. Оқу бөлімдерінің оқушылары. Оларға қатысты тергеу жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», – деді.