Наурыз айында Қазақстан халқы қанша күн демалады?
Наурыз айында Қазақстан халқы қанша күн демалады?
191
оқылды

Жыл сайын Наурыз мейрамында үш күн – 21-23 күндері демалыс болатын. Биыл 21 наурыз жексенбіге сәйкес келіп тұр.

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға сәйкес, демалыс және мереке күндеріне сәйкес келген жағдайда мерекеден кейінгі жұмыс күні демалыс болып есептеледі. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні. Мереке дүйсенбіге тура келеді, сәйкесінше қазақстандықтар сенбі, жексенбі және дүйсенбіде демалады. Сондықтан биыл 20 наурыз бен 24 наурыз аралығында 5 күн демалады.

Наурыз айында қазақстандықтар 12 күн демалып, 19 күн жұмыс істейді.