Шымкентте жалға берілетін пәтерден әйелдің мәйіті табылды
Шымкентте жалға берілетін пәтерден әйелдің мәйіті табылды
242
оқылды

Кеше Шымкенттегі жалға берілетін пәтерден әйелдің мәйіті табылды, – деп жазады Otyrar.kz.

Полицияға 1991 жылы туған ер адам 25 ақпан күні сағат 21:30-дар шамасында пәтерде қайтыс болған әйел туралы хабарлаған. Әйелдің жасы шамамен 35-40-та болуы мүмкін.

Дереккөздің жазуынша, полиция шақырған ер адам пәтерде марқұм әйелмен бірге болған. Ол әйелді қылғындырып өлтірген болуы мүмкін.

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу басталды.