Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, 870 318 жеңіл автокөлік бар.
Шығарылғанына 10 жылдан асқан көліктердің үлесі – 64,5%. Ең көбі Алматы облысында (15,5% немесе 385 720 көлік) тіркелген. Ең азы – Атырау облысында (1,5% немесе 36 945 көлік).
Зауыттан шыққанына 3 жылдан аспаған жаңа автокөліктер Нұр-Сұлтан (13,7% немесе 63 266 көлік) және Алматы (16,9% немесе 78 079 көлік) қаласында тіркелген.
Жаңа автокөліктер Жамбыл (1,8% немесе 8 111 көлік) мен Түркістан облысында (1,9% немесе 8 877 көлік) аз.