Баспана жайы сөз болды
Баспана жайы сөз болды
249
оқылды

Nur Otan партиясы Түркіс­тан облыстық филиалының қо­ғамдық қабылдау бөлме­сін­де облыс әкімінің бірінші орын­­басары Қосман Айт­мұ­ха­метов 16 тұрғынды қабыл­да­ды. Об­лыс­тың түкпір-түк­­пі­рі­нен келген аза­маттар не­гізі­нен баспана мә­селесіне бай­­ла­­нысты өтініштері мен талап-ті­лек­­терін тіл­ге тиек етті.

Ордабасы ауданынан келген Ш.Тұрғанбаева мен Г.Әлібекова тұрғын үй кезегінің жылжымай қойғанына шағымданды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары шағымданушылардың өтінішін сараптап, бұл тұрғындарға үй өз кезегінде, яғни 557 және 282-ші кезек бойынша берілетінін, ол қадағалауда екенін, ешқандай бұрмалаушылық болмайтынын жеткізді.

Үй кезегі бойынша күмәндана­тын тұр­ғындар өзге аудандарда да бар болып шықты. Төлебилік Н.Алдабергенова 2011 жылы тұр­ғын үй алу кезегіне тіркелген. Алайда белгісіз себеппен ке­зек­тен шығарылып, қайта тіркел­гендіктен, 1 114 кезекке жыл­жып кеткен. Қосман Қайыр­тайұлы бұл тұрғынның кезек­тен не үшін шығарылғанын анық­тау жө­нінде аудан әкіміне тапсыр­ма бере­тінін айтты. Ал жетісай­лық Б.Көпжасароваға да кезек бойынша үй берілетіні түсін­дірілді. Өз кезегінде түркістан­дық А.Әлімжановқа да заңға сәй­кес түсініктеме берілді. Бұл тұрғын­ның ұлы өз кезегіне сәйкес 1 бөл­мелі үйге ие болмақ. Облыс орталы­ғында тұратын Г.Асенбаеваға, А.Аманжол, М.Оспановаға тұрғын үйдің кезекке сәйкес берілетіні айтылды. Сонымен бірге Қосман Қайыртайұлы А.Аманжолға әлеу­меттік және медициналық көмек көрсету, М.Оспановаға әлеуметтік қолдау көрсету жөнінде тапсырма беретініне, мәселені қадағалауға алатынына сендірді.

Жұмысқа орналасу бойынша шағымданған Д.Әлімқұловаға жұмыспен қамту орталығына тір­келу жөнінде кеңес берілді. Жұмыс­пен қамтуға жауапты басқармаға тиісті тапсырма жүктеліп, көмек көрсетіледі.

Былтыр жарылыстан зардап шеккен Арыс қаласынан да бірнеше тұрғын үй мәселесі бойынша қа­был­дауға жазылған болатын. Арыстық Б.Диханбаевқа мемлекет тарапынан үйі жөнделгені, сырт­тағы жазғы асхананы өзі жөн­дейтіні түсіндірілді. Ал «үйім са­пасыз жөнделді» деп шағымданған А.Мәуленованың үйі қайтадан тексеріліп, тиісті іс-шара атқары­латын болды.

Қоғамдық қабылдаудан тұр­ғын­дарда әлі күнге дейін тұрғын үй кезегіне тұру, құжат тапсыру бойынша тиісті мағлұмат өте аз екені аңғарылды.

Сонымен бірге баспананың әділ бөлін­бей­тіні, кезектің уақытылы жылжымайтыны туралы да шағым жеткілікті. Сондықтан осы бағытта ақпараттандыруды күшейткен жөн. Nur Otan партиясының Түркістан облыстық филиалы бұл мәселені назарда ұстайды.


Әбілмансұр ЖАСАН