Алматыдағы қоқыс контейнерлерін ақтарып жүрген кімдер? (Видео)

Алматыдағы қоқыс контейнерлерін ақтарып жүрген кімдер? (Видео)

Олар неге қалдықпен қоректенуге мәжбүр?

«Фриганизм – өмір салты ретінде қалыптасқан ұстаным. Оны ұстанатын жандар қоқыс контейнерлерін немесе қоқыс тастайтын жерлерді азық - түлік және басқа да материалдық игіліктер көзі ретінде пайдаланады», - деп хабарлайды Almaty.tv.

Фриганисттер қай супермаркет қашан мерзімі өтіп кеткен өнімдерін тастайтынын біледі және арнайы қоқыс контейнерінен бірдеңе алуға арланбайды. Сондай-ақ бұл кәсіппен өте көрнекті адамдар айналысады.

Алматыдағы фриганизм ізбасарларының бірі Диегоның айтуынша, қоқыстан тағамнан басқа киім-кешек пен тұрмыстық техника да кездеседі. Бір күні ол кір жуу машинасын тауып алыпты. Артынша олжасын бөлшектеп сатып жіберген

«Әрине, бірінші кезекте тамақ табамыз. Көбі қапталған, мерзімі өткеніне екі- үш өткен болуы мүмкін. Яғни, айтарлықтай өте қоймаған. Техника табамыз. Мысалы мен өзім микротолқынды пеш, кір жуғыш машина, теледидар тауыпа алдым. Біреулерін сатамыз, енді бірін достарымызға береміз», - дейді ол.

Мұндай өмір салтын фригандар көбінесе идеологиялық сенімдері бойынша ұстанады.

«Фриганизмнің тамыры жай ғана қаңғыбастықтан қарағанда әлдеқайда тереңде жатыр. Бұл тек аман қалу жолы ғана емес, бұл әлемді жақсартудың жолы. Себебі бұл қоқыс бактарына тасталған қаншама тамаққа біреулер соңғы ақшасын беруі мүмкін еді. Көптеген адамдар аш және оларға бұл тағам қажет болуы мүмкін, біреуге киім қажет. Көбінесе біз өзіміз үшін емес, өзгелер үшін, оған мұқтаж адамдармен бөлісу үшін қоқыс ақтарамыз», - дейді Валерия.

Бүгінгі күні ЕО елдерінде "дейін пайдалану міндетті" және "дейін пайдалану керек"деген таңбалар қолданылады. Екінші жағдайда дүкендерде жарамдылық мерзімі аяқталуға жақын тауарды арзан бағамен сатылуы немесе мұқтаждарға берілуі мүмкін. Қазақстанда тек "дейін қолдану міндетті" таңбасы ғана бар. Бұл кәсіпкерлерді мерзімі өткен өнімдерді толық көлемде жоюуға міндеттейді.

Бізде санитарлық нормалар мен ережелер бойынша мерзімі өткен кез келген тауар жойылуы тиіс. Біз мамандандырылған компаниялармен келісім - шарт жасасамыз және жоюуға жібереміз,-деді бөлшек сауда желісінің PR-менеджері Дмитрий Шишкин.

Қазір шикілей жеу, вегетация, фриганизм және т.б. сияқты көптеген ағымдар бар. Кейбіреулер үшін-бұл идеология, ал біреу үшін сәнді тренд. Бірақ дәрігерлердің айтуынша, бұл қауіпсіз болмауы мүмкін.

«Жарамдылық мерзімі буып-түю кезінде пастерлеуден немесе басқа да өңдеу әдістерінен өткенін білдіру үшін беріледі. Бұл әдістер бактериялардың тіршілік әрекетін тоқтатаді, бірақ бәрін өлтірмейді. Тиісінше, осы жарамдылық мерзімі өткеннен кейін, тіпті сақтау технологиясы бұзылған болса өтпей тұрып та бұл микробтар тіріледі және, әрине, көбейеді. Ал адам мұндай өнімді тұтынса улануы мүмкін», - деп ескертеді дәрігер-инфекционист Тамара Өтағанова.

Әлемде жыл сайын 4 миллиард тоннаға жуық азық-түлік өндіреді. Егер өнімдер ұтымды пайдаланылса және үлестірілсе, бұл ғаламшардың барлық тұрғындарына жетеді.

https://youtu.be/ehTHKPIBIVw