«Nur Otan» партиясының Cолтүстік Қазақстан облыстық филиалында белсенділер алғысхаттармен марапатталып, партияның жаңа мүшелері қабылданды. Салтанатты жиналыс алдағы 1 наурыз – партия күніне арналды.
Елбасының, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алғысхаттарымен сайлауалды кезеңде белсенді қатысқан өңірдің мәдениет қайраткерлері марапатталды. Олардың арасында облыстық филармония әншісі Дәмеш Құрманкина, журналист Ербақыт Амантайұлы, хореограф Михаил Лахтин, дирижер Қайырлы Ғафуров және өнер колледжі директорының орынбасары Асхат Таушев бар. Сонымен қатар партияның 8 жаңа мүшесіне партиялық куәліктер табыс етілді. Олардың қатарында жас кәсіпкерлер, «Jas Otan» Жастар қанатының белсенділері, банк және Абылай хан резиденциясының қызметкерлері бар. – Біздің партиялықтар көптеген салада еңбек етеді: ауыл шаруашылығында, мектептерде, медициналық мекемелерде жұмыс істейді, кәсіпкерлікпен, шығармашылықпен айналысады. Олар облыстың қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық өміріне белсенді қатысады. Жаңадан қабылданған партия мүшелерін құттықтай отырып, партияның бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруда белсенді қызмет етулеріне тілектестік білдіремін, – деп атап өтті «Nur Otan» партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әсем Рахметова.Әбілмансұр ЖАСАН