Түркістан облысында «Nur Otan» партиясынан мәслихатқа сайланған депутаттар тұрғындар тілегінің орындалуына барын салып жатыр.
Жуырда Кентау қаласының тұрғындары Кентау-Байылдыр бағытындағы автобустарды жаңарту, қызмет сапасын жақсарту жөнінде өтініш білдірсе, Қазығұрт ауданы тұрғындары ескі көпірді жөндеуді сұарған еді. Бұл түйткіл мәслихат депутаттығына үміткерлермен кездесулерде де қозғалған. «Nur Otan» партиясы Кентау қалалық фракциясының мүшесі, депутат Ұлбала Мұсаханова жергілікті әкімдікке аталған мәселе бойынша депутаттық сауал жолдады. Нәтижесінде депутаттың ұсынысы қабылданып, автобус мәселесі шешілді. Бүгінде арақашықтығы 10 шақырымға жуықтайтын Кентау–Байылдыр бағытында 2 жаңа шағын автобус жұмысқа кірісті. Автобустар 15-20 минут аралығында жүреді. Жол ақысы – 60 теңге. Тұрғындар дер кезінде өтінішке құлақ асып, мәселені шешуге мұрындық болған нұротандық депутаттарға ризашылық білдірді. Осылайша, сайлауалды бағдарламаның Жол картасы бойынша өңірде қоғамдық көліктерді жаңғырту бағытындағы жұмыстар басталып кетті. Сондай ізгі істің бірі Түркістан облысы Қазығұрт ауданында атқарылды. Аудандық мәслихаттың жас әрі іскер депутаты Данияр Көбеев аудандағы Қонаев пен Жанысбеков көшелерінің қиылысындағы жаяу жүргіншілер көпірін өз қаражатына қайта жөндеуден өткізді. Жүруге қауіпті әрі ескі көпір жаңартылды. Қазығұрт ауданының бас имамы Мұрат Әлімбековтің бастамасын қолдаған жас депутаттың игі қадамын Түркістан облысының бас имамы Еркебұлан Қарақұлов та жоғары бағалады. Жалпы, Қазығұрт ауданында «Nur Otan» фракциясының депутаттары өте белсенді жұмыс атқарып жатыр. Бұған дейін де мәслихат депутаттарының көмегімен бірнеше отбасыға нақты көмек көрсетіліп, өтініштер оң шешілді.Әбілмансұр ЖАСАН