Алматы полицейлері ҮАК-де жоғалып кеткен шетелдікті тапты
Алматы полицейлері ҮАК-де жоғалып кеткен шетелдікті тапты
270
оқылды

көмек іздеуге кеткен азамат көлігінен үш шақырымға ұзап кеткен.

Алматы полициясы ҮАК маңында жоғалып кеткен шетелдікті тапты, деп хабарлайды Polisia.kz. 17 қаңтарда Алматы ЖП ЖБО-на 45 жастағы Түркия азаматы өзінің машинасымен Үлкен Алматы көлі жаққа серуенге шығып, сол уақыттан бері байланысқа шықпағаны туралы хабарлама келіп түсті. Бірден жоғалып кеткен адамның орналасқан жерін анықтау бойынша іздестіру іс-шаралары ұйымдастырылды. Іс-шара барысында Toyota RAV-4 маркалы автокөлігі көлдің жанындағы жолдың жиегінен есіктері жабық күйі табылды. Көліктің ішінде ешкім болмаған. Полиция қызметкерлері жоғалып кеткен адамды іздестіруді жалғастырды. 18 қаңтар күні таңғы сағат 11-де көліктен үш шақырым жерде іздеудегі адам тірі табылды.Үсік шалған белгілері бар. Полиция қызметкерлерінің жеделдігі арқасында қайғылы оқиғаның алды алынды. Ер адам жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырылды. Азаматтың айтуынша, серуеннен кейін оның көлігі қалың қарда тұрып қалғаны белгілі болды. Шетелдік өз бетімен шығуға әрекет жасап көлік дөңгелегінің астына бұтақтар төсейді, қазады. Бірақ бұл әрекетінен түк шықпаған ол машинадан шығып көмек іздеуге аттанған. Бірақ адасып кетеді.