200 теңгелік монета шықты, 200 теңгелік банкноттар тозғанша айналымда жүре береді
200 теңгелік монета шықты, 200 теңгелік банкноттар тозғанша айналымда жүре береді
826
оқылды
Бүгін Ұлттық банк 200 теңгелік монеталарды айналымға шығарды. Ұлттық банктің хабарлауынша, «Монеталардың дизайны Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 804 Жарлығымен бекітілген Ұлттық валюта – Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес орындалды. Биколорлы айналыстағы монеталар дизайнының стилистикасында шығыс және батыс мәдениеттерінің көркемдік элементтермен үйлестірілген. Биколорлы айналыстағы монеталардың сипаты: Монеталардың сыртқы сақинасы нейзильберден жасалған, ішкі дискі никельді жезден дайындалған. Қыры тегіс және бедерлі секторлармен кезектесіп отыратын 16 ойық бедерленген. Монеталардың сырт жағында орталық бөлігінде ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы, айналдыра эмитент елді білдіретін «QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY» деген жазба бейнеленген. Монетаның төменгі жағында соғылған жылын білдіретін «2020» деген жазу бар. Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде номиналын білдіретін және номинал цифрының кескінін қайталайтын көлденең сызықтар бедері аясында орындалған «200» деген жазу бар. Монетаның жоғарғы және төменгі бөліктерінде – тік сызықтар түрінде орындалған ою-өрнек кескіндері бейнеленген. Монетаның төменгі бөлігінде – тарамдалған сызықтар аясында орындалған, ұлттық валютаның мәтіндік атауын білдіретін «TEŃGE» деген жазу. Монетаның сол жақ бөлігінде QAZAQSTAN ULTTYQ BANKI эмитент банкті білдіретін «QUB» аббревиатурасы бар. Монетаның оң жақ бөлігінде – Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі (логотип) көрсетілген. Техникалық сипаттамалары: Металл құрамы: нейзильбер/нибрасс. Массасы: 7,5 грамм. Диаметрі: сыртқы сақинасы – 26 мм, ішкі дискі – 18,3 мм. Қалыңдығы: 1,90 мм. Қыры: 16 ойық. Ескерер жайт, номиналы 200 (екі жүз) теңгелік банкноттар заңды төлем құралы болып қалады және айналымнан қағаз ақша тозғаннан кейін шығып қалады.