Ресей мектебінде қазақ тілі сыныбы ашылды
Ресей мектебінде қазақ тілі сыныбы ашылды
181
оқылды

Бірінші ашық сабаққа 40 оқушы келген7

РФ Түмен облысы Голышманово ауылында № 4 мектептің базасында қазақ тілінің үшінші сыныбы ашылды. Бұл туралы Түмен облысы қазақтарының ұлттық-мәдени автономиясының президенті Есенғали Ыбраев Facebook-те хабарлады. Жазбада:" Сыныптың ашылуы нағыз мерекеге айналды. Концерт қойылып, шашу шашылды, дастарханмен жайылды. Қазақ халқының ұлттық-мәдени автономиясының бастауын Голышманов қалалық округінің басшысы Александр Ледаков қолдады", - делінген

Бірінші ашық сабаққа 40 оқушы келді. Сонымен қатар, жиын жалғасуда, өйткені жан-жақтан тіл үйрену үшін келетіндер әлі бар."Голышманов қазақтары ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрді ұқыпты сақтап келеді. Дәл осы жерде көп жыл бұрын Түмен облысы қазақтарының бірінші құрылтайы өтті. Бүгінде біздің автономияның жергілікті бөлімшесі Дүйсенбай аға Бекужиновтың басшылығымен ұлттық-мәдени жобаларды белсенді жүзеге асыруда. Мен оқушыларға қазақ тілін жақсылап үйреніп тек бестік баға алуларын тілеймін. Ишим қаласында да осындай тілдік сыныбын ашуды жоспарлап отырмыз",-деп жазды Түмен облысы қазақтарының ұлттық-мәдени автономиясының президенті.