Қостанай облысында үш ер адам зейнеткердің 600 мың теңгесін ұрлап кеткен

Қостанай облысында үш ер адам зейнеткердің 600 мың теңгесін ұрлап кеткен

Әулиекөл полицейлері Қостанай облысы полиция департаментінің жедел қызметкерлерімен бірлесе отырып, бір тәулік ішінде зейнеткерге қарақшылық шабуыл жасаған үш күдіктіні ұстады. 23 ақпанда Әулиекөл ауданының полициясына Құсмұрын ауылының 71 жастағы тұрғынынан арыз түсті. Зейнеткер түнде оның үйіне ер адамдар кіріп, 600 мың теңге мен алтын сырға ұрлап кеткенін хабарлады. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы дереу шықты. Полиция белгісіз адамдар таңертеңгі сағат 4-те жәбірленушінің есігін сындырып кіргенін анықтады. Зейнеткердің айтуынша, ол бөлмедегі шуылдан оянып кеткен. Екі адам шаммен жарқыратып, бір нәрсе іздеп жүрген. Бұрағышпен әйелді қорқытып, олар іздеуді жалғастырған. Күдіктілер сөрмеде тұрған ақша мен бағалы заттарды алып, үйден шығып кеткен. Қылмыс болған жерде полиция сыра бөтелкесі мен аяқ киім іздерін тапқан.

"Күдіктілер зейнеткердің жалғыз тұратынын және оның ақшасы бар екенін білген. Олар медициналық бетперде киіп, үйді тонаған. Ұсталғандардың барлығы өз кінәсін мойындады", – деді аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Жансерік Хасанов.