Қазақстан құрамасының шабуылшысы КХЛ жұлдыздар матчында соққы дәлдігі сайысында жеңіске жетті.
Қазақстан құрамасының шабуылшысы  КХЛ  жұлдыздар матчында соққы дәлдігі сайысында жеңіске жетті.
246
оқылды

. Бұл жарыс Ресей астанасында үшінші рет өтіп отыр.

«Екатеринбургтік "Автомобилист" командасында ойнайтын хоккейден Қазақстан құрамасының мүшесі Найджел Доус ҚХЛ жұлдыздарының матчында соққы дәлдігі сайысында жеңіске жетті», – деп хабарлайды Vesti.kz "Чемпионатқа" сілтеме жасай отырып. Шабуылшы 7,877 секундта төрт нысанаға дөп тигізді. Байқау кезінде үш рет шайбаның дәл тигенін есептелмей қателіктер орын алды.

Айта кетейік, 18 қаңтарда Мәскеуде Мастер-шоу аясында хоккейшілер түрлі байқауларда бақ сынасты. "Барыстың " қорғаушысы Даррен Диц Александр Пушкин бейнесінде мұзға шығып, "Зимнее утро" өлеңінің үзіндісін оқып, буллит орындады. Жұлдыздар матчы 19 қаңтарда "Динамо" - "ВТБ Арена-Парк"стадионында өтеді. Бұл Ресей астанасында үшінші рет өтіп отыр. Біріншісі 2008/2009 маусымында Мәскеудегі Қызыл алаңда ойналды. Сол уақыттан бері шоу-матчтың форматы бірнеше рет өзгерді.