Ол бірінші раундтың басында Дональд Серронды нокаутқа жіберді.
19 қаңтарда UFC 246 турнирі өтті. Оның басты жекпе-жегінде ирландиялық жұлдыз Конор МакГрегор мен АҚШ файтері Дональд Серроне кездесті. Жекпе-жек жартылай орта салмақ дәрежесінде (170 фунт –77,1 килограмм) өтті.
Бірінші раунда соққы алмасу кезінде Ноториустың аяқпен басқа тепкен соққысы Ковбойды тәлтіректетіп жіберді. Мүмкіндікті қалт жібермейтін ирландиялық қарсыласын жығып алып соққының астына алды. Қорғануға дәрмені қалмаған Серронды төреші арашалап алуға мәжбүр болды. Шоу Лас-Вегаста T-Mobile Arena-да өтті. Ал тікелей эфирде оны Kazsport арнасы көрсетті. Бұл 31 жасар Макгрегордың 2018 жылдың қазан айынан бері сезізбұрышқа алғаш көтерілуі. Онда Ноториус жеңіл салмақтың чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагамедовтен қылғындыру әдісімен жеңілген болатын. Өз кезегінде, бұл 36 жасар Ковбойдың қатарынан үшінші жеңілісі. Соңғы рет өткен жылдың қыркүйегінде өткен жекпе-жекте американдық Джастин «Шоутайм» Гэтжиден нокаутпен ұтылған болатын.