Тәртіп бұзушыға 20 АЕК көлемінде айыппұл салынған.
«Алматы облысында Талғар өзенінің жағасында қоқыс шығарған КАМАЗ жүргізушісі жазаланды», деп хабарлайды қалалық әкімдіктің сайты.
Учаскелік инспектор О. Ордабаев пен әкімдік өкілі оқиға орнына шығып, ҚТҚ өзен жағалауына алматылық форель шаруашылықтарының бірі төгіп жүргенін анықтаған. Қоқыс тасыған КамАЗ сол қожалыққа тиесілі.
"Жергілікті жерде жүргізушіге қатысты елді мекендердің аумағын абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін 505 бап бойынша 20 АЕК көлемінде әкімшілік хаттама жасалды", – деп хабарлады әкімдіктен.
«Тәртіп бұзушы әкелінген ҚТҚ жинап, оларды қоқыс полигонына апаруға міндеттеді», –делінген хабарламада.