Қайғылы оқиға Қостанай облысының Тобыл қаласында болған.
Бұл туралы Қостанай облысы ІІД баспасөз қызмет хабарлады. Қайғылы оқиға Қостанай облысының Тобыл қаласында орын алды. Патрульдік полиция экипажы отбасылық жанжал туралы шақыруға шықты. Тәртіп бұзушыны ұстау кезінде полиция қызметкері жүрек тұсынан жараланған.
Қаза тапқан полицейдің аты-жөні – Дархан Базарбаев. Ол әріптесі Амангелді Сыздықовпен бірге оқиға орнына 6 минут ішінде жеткен. Екі пәтерлі үйдің бір бөлігінде Тобылдың бұрын сотты болған 28 жасар тұрғыны, екіншісінде оның әпкесі күйеуімен және баласымен тұрған. Мас бұзақы оларды өлтірем деп қорқытқан. Туыстары ол пышақ алуға кірген бөлмені сыртынан жауып полицияға хабарласқан. Бұзақының қаруын тартып алып, тұтқындаған Дархан Сыздықов өзінің жараланғанын байқамайды. Тәртіп бұзушыны тұтқындап болған соң ғана жарақатына мән берген. Жедел жәрдем 1995 жылы туған сержанттың қайтыс болғанын жеткізеді. Полицейдің артында 4 айлық баласы қалды."Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынып, ҚР ҚК-нің 99-бабы"Кісі өлтіру, қызметтік іс-әрекетті жүзеге асыруға байланысты адамдар" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қостанай облысы полиция департаментінің қызметкерлері сержант Дархан Базарбаевтың қайғылы қазасына қайғырып көңіл айтады",-деп хабарлады Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі.