Алайда, мәміле әлі бекітілген жоқ.
IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин келесі жекпе-жектің күнін анықтады. Бұл туралы Инсайдер Майк Коппинджер (The Athletic) мен оның ESPN әріптесі Дэн Рафаэль хабарлады. Олардың ақпаратына қарағанда, польшалық міндетті қарсылас Камил Шеремета мен GGG жекпе-жегі 28 наурызда Чикагода (Иллинойс штаты, АҚШ) өтеді деп жоспарланып отыр, онда ірі поляк диаспорасы тұрады. Жекпе-жектің ең ықтимал орны - он мыңнан астам көрерменді сыйғызуға қауқарлы Wintrust Arena.
Бұрын тараптар жекпе-жек шарттарын келіскені хабарланған болатын. Алайда, инсайдерлер атап өткендей, мәміле әлі бекітілген жоқ. Бастапқыда GGG ақпан айында рингке қайта оралады деп күтілген. Бірақ содан кейін жекпе-жек наурыз айына ауысты. Головкин жекпе-жекке дайындықты бастап кетті.
Головкин үшін алдағы кездесу DAZN стримингтік сервисімен отырған келісім-шарт бойынша алты жекпе-жектің үшіншісі. Келісім бойынша боксшы 100 миллион доллар табыс табуы керек. Бұл жекпе-жекте қазақстандық қазан айында украиндық Сергей Деревянченконы (13-2, 10 КО) жеңіп алған IBF атағын қорғайтын болады.