Жолбарыстың бұйрығы
– Қаптап кетті тышқандар,
Тыпырлатып ұстаңдар
– деп Жолбарыс
мысықтарға тәртіп берді.
Мысықтар да дайын екен,
дереу іске кірісті.
Қуысты,қолтықты,
тінтіп шықты бұрышты.
Жолбарыс нәтижесін білуге
Мысықтарды жинады.
Жинады да қинады.
– Неше тышқан ауладыңдар?
–5-еу.
– Нешеу?
– 5-еу ғой, 5-еу.
– Қалғандары қайда?
– Көзімізге түспеді.
– Бұл мен істейтін іспе еді? Өй, өңшең.
Масылдар, пасықтар, жасықтар.
Жалқаулыққа бойларың үйренген,
Күндерің өтсе көрер ем,
тамақ таппай күйбеңмен! – деп
Іреді, сойды.
Жамандаудан жағы талғасын,
қақсап-қақсап қойды.
Қағаз бен қалам
– Ойбай, ойбай,
бетімді тырнадың.
– Осы сенің,
таусылмайды ырбаңың.
Жазбасам жаз дейсің,
Жазсам жазба дейсін.
Таб алмадым бабыңды.
– Сүйкейсің келіп, сүйкейсің,
Шырқыратып жанымды.
Жәймен жазсаң болмай ма.
– Мән бермеші ондайға.
– Әріптерің қисайып,
құлап жатыр.
Құлағаны еңіреп,
жылап жатыр.
Айналадан араша,
сұрап жатыр.
* * *
Таласты, тартысты,
Демеді ешкім, болды.
Ақиқаттан адасып,
Кінәламады қолды.
Жеткерген ӘБДІРЕЙҰЛЫ