Оның жасы небары 28-де еді.
Гиннестің рекордтар кітабына енген әлемдегі ең кішкентай бойлы адам – Хагендра Тапа Магар өмірден өтті. Оның жасы небары 28-де еді. Бұл рекордтар кітабының ресми сайтында хабарланды. Хагендра Тапа Магар 1992 жылы Непалда туған. Оның бойы 67,08 сантиметр. Тәуелсіз қозғалу қабілеті бар әлемдегі ең кішкентай адам ретінде танылып, 2011 жылы Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген. Хагендра филиппиндік Джуни Джей Балаувинге қарағанда 7 см биік, бірақ Балауинг өздігінен жүре алмайды. “Хагендра тез арада танымал болды және 2011 жылы Непалдың ерікті туризм бойынша өкілі болып тағайындалды”, - делінген хабарламада. Хагендраның достары оның соңғы кездері демікпе және жүрек ауруымен күресіп жүргенін айтады. Ол 16 қаңтарда Непалдағы Манипаль ауруханасына жатқызылған. Бір күн өткесін қайтыс болған. Енді тәуелсіз қозғала алатын әлемдегі ең кішкентай адам атағы, бойы 70,21 сантиметр колумбиялық Эдуардо Нино Эрнандеске тиесілі.