Біз бұған дейін шетелдік жұмыс күшін азайтуға Президент тапсырма бергенін бірнеше рет жазған болатынбыз.
Ал, шетелдік жұмысшылардың саны анықталды, – деп жазады zakon.kz.
Биыл 1 қаңтардағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша Қазақстан аумағында 19 145 шетелдік азамат еңбек етіп жүр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасаған дереккөздің жазуынша, шетелден келгендердің көпшілігі құрылыс саласында жұмыс істейді.
Олардың ішінде І санатты (менеджерлер мен олардың орынбасарлары) 770 адам (4%), екінші (бөлім меңгерушілері) – 445 (23%), үшінші (мамандар) – 9 632 (50%) және төртінші (білікті) жұмысшылар) – 1818 (9%), маусымдық жұмыстарға 767 (4%), корпоративті ауыстыруға 1 744 адам (9%) тартылды.
Шетелдік жұмыс күшін тартқан жұмыс берушілер саны - 2 040 адам. Оларда 508 755 қазақстандық азамат жұмыс істейді. Бұл жалпы жұмысшылар санының 96,3%-не тиесілі.
Құрылыс саласында 8623 адам (45%) жұмыс істейді. Тау-кен өнеркәсібінде — 2 213 (12%), ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында – 55 (0,3%), кәсіптік, ғылыми және техникалық қызметте 1 557 (8%), өңдеу өнеркәсібінде – 1 397 (7%) шетелдік жұмыс істейді.
Қазақстанға жұмыс істеу үшін Қытайдан – 4 524 адам (24%), Өзбекстан – 781 (4%), Түркия – 1 964 (10%), Үндістан – 1 893 (10%), Ұлыбританиядан 1 368 (7%) адам келген.
Айта кетейік, біз бұған дейін Президент шетелдік жұмысшылардың үлесін азайтуды қадағалау керегін тапсырған болатын.