Қазақстанда 2020 жылғы өлім-жітім көрсеткіші қандай?
Қазақстанда 2020 жылғы өлім-жітім көрсеткіші қандай?
2,844
оқылды
Белгілі болғандай, былтыр ең аз өлім-жітім көрсеткіші сәуір айында тіркелді - 4 441 адам. Дәл осы кезеңде елде төтенше жағдай мен алғашқы қатаң карантин күшіне енгізілген еді. Ал 2019 жылдың сәуірінде қайтыс болғандар саны -11 617 адам. Шілдеде өлім-жітім көрсеткіші ең көп тіркелген - 28,178 адам. 2020  width=   2010 жылдан 2019 жылға дейін Қазақстанда жылына 133-142 мың адам қайтыс болды. 2020 жылы Қазақстанда 162 613 қазақстандық қайтыс болды. Бұл соңғы онжылдықтағы ең жоғары көрсеткіш. өткен жылдармен салыстырғанда шамамен 20-30 мыңға көп қайтыс болды. Кең тараған ауру түрлері қандай? 2020 жылы қаңтар-желтоқсанда халықтың табиғи өсімі қайтыс болғандар санының көбеюіне байланысты 2019 жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда 6,6 мың адамға немесе 2,4%-ға азайды. Қазақстанда 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда 425,6 мың адам дүниеге келді. 2019 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда бұл 22,6 адамға немесе 5,6%-ға көп. 2020 Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 162,6 мың адамды құрады. 2019 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда бұл 29,1 мың адам немесе  21,8%-ға көп. Өлімнің негізгі себептері:
  • қан айналымы жүйесі аурулары - 22,5%
  • тыныс алу органдары аурулары - 14,4%
  • ісіктер - 9,4%
  • ас қорыту аурулары - 8%
  • жазатайым оқиғалар, улану және жарақаттану - 6,7%.
  Былтырғы 12 айдағы көрсеткіш бойынша 1 жасқа дейінгі қайтыс болғандар саны-3315 нәресте,  2019 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда бұл 71 нәрестеге (2,1%-ға) аз. 2020 жылғы 12 айдағы өлім-жітім оқиғалары Ай сайынғы деректер:     Қаңтар - 11 867 адам;     Ақпан - 10 842 адам;     Наурыз - 8 511 адам;     Сәуір - 4 441 адам;     Мамыр - 14 358 адам;     Маусым - 14 949 адам;     Шілде - 28 178 адам;     Тамыз - 17 835 адам;     Қыркүйек - 13 672 адам;     Қазан - 12 489 адам;     Қараша - 12 388 адам;     Желтоқсан - 13 083 адам. 2020 Алдағы бес жылда туу көрсеткіші азайып, өлім деңгейі артуы мүмкін Прагадағы Карлов университетінің демография мамандығы бойынша докторанты, «Болашақ» бағдарламасының түлегі, Аяулым Сагынбаева:  width=
«Елдегі өлім-жітім жағдайы былтырғы шілде айында шарықтау шегіне жетті. Оған пандемияның салдарының әсерімен қоса халықтың жалпы сырқаттану деңгейі мен денсаулық сақтау жүйесінің даму деңгейінің жағдайы әсер етті. Бұдан бөлек, онкологиялық аурулар, қан айналым жүйесі аурулары, жүрек аурулары, ми тамырларының зақымдануы, тыныс алу, ас қорыту, инфекциялық аурулар және жазатайым жағдай, улану және жарақаттану сынды негізгі өлім-себептерінде болған өзгерістер бар. Былтырғы 12 айдың көрсеткіші бойынша 263 012 табиғи өсім тіркелді. Табиғи өсім − туғандар саны және қайтыс болғандар санының айырмашылығы. Аталған мерзімдегі тіркелген өлімдер саны - 162 613 адам. Бұл 2019 жылдың 12 айдағы көрсеткішімен салыстырғанда 21,8 пайызға жоғары. Ескеретіні, бұл ақпарат өткен жылдың толық қорытынды мәліметі емес. Тек 12 айдың алдын ала көрсетілген деректері. Көрсеткіш өзгеруі мүмкін. Себебі, кейбір мәліметтер кеш тіркеледі. Нақты жылдың қорытынды мәліметтері сәуір айының аяғында белгілі болады», − дейді.
Аяулымның айтуынша, елімізде карантин жұқпалы аурулардың таралмауы үшін енгізілді. Ал адамдардағы хроникалық аурулардың көрсеткіштерінің азаюына карантин ешқандай әсер етпейді. Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мәліметі бойынша өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айларында тіркелген жұқпалы аурулардың арасында тыныс алу аурулары көп тіркелді.
«Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тыныс алу жолдарының жіті жұқпалы түрі 13,2 пайызға өсті. Бұған қоса, тұмау мен өкпенің қабынуынан болған өлгендер саны 2,5 есе өсті, 2019 жылдың 12 айында осы аурудан 4164 өлім тіркелсе, былтырғы жылғы сәйкес кезеңде 11 мыңға жуық адам қайтыс болған. Инфекциялық және паразиттік аурулардан болған өлім-жітім екі жарым есеге өскен. Сырқаттану деңгейі де жоғары. Бұл жағдай өлім-жітімнің санын арттыратыны түсінікті. Сонымен қатар, өлім-жітім көрсеткішіне халықтың жас құрылымы да әсер етеді. Өйткені елімізде қартаю процессі жүріп жатыр. БҰҰ мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының берген анықтамасы бойынша егер 65 жастан асқан егде адамдардың халықтың жастық құрылымында үлесі 7 пайыздан асса, онда бұл елде қартаю  процесі басталады. Қазақстанда 2020 жылдың басында 65 жастан жоғары халықтың саны 7,7 пайызды құрады. Кез келген қоғамда қартаю деңгейі жоғары болған сайын хроникалық аурулар деңгейі артады. Сәйкесінше бұл өз кезегінде өлім-жітім деңгейінің артуына әсер етуі мүмкін». 2020
Айта кетерлігі, карантин кезінде жазатайым жағдай, улану және жарақат алудан өлім-жітім саны 9,7 пайызға азайыпты.
«Бұл көрсеткіш 2019 жылдың 12 айында 12 мың адамды құрса, былтыр 10 905 адамға дейін азайды. Оның ішінде өзіне-өзі қол жұмсағандар саны – 2381 адамнан 2161 адамға дейін, адам өлтіру көрсеткіші – 795 адамнан 675 адамға дейін азайып отыр. Жазатайым оқиғадан кейін тіркелген өлімнің ішінде жол-көлік оқиғалары салдарынан болған өлімнің көрсеткіші − 2685 адамнан 2171 адамға дейін азайып отыр. Оған себеп карантин кезіндегі шектеу шаралары мен жол қозғалысының азайып, блок бекеттер қойылып, адамдардың үйде отыруы. 1987 жылы туу көрсеткіші 417 мыңды құраса, енді алдын ала деректер бойынша былтырғы жылдың 12 айында 425 мың бала дүниеге келді. Жалпы алғанда, өлім деңгейі азайып келеді. Десе де, қартаю деңгейінің жылдан жылға өзгеріп отыруына байланысты алдағы бес жылда туу көрсеткіші азайып, өлім деңгейі артуы мүмкін. Әлемдік демографтар Орта Азия елдері оның ішінде Қазақстанның туу деңгейі 2015-2016 жылдардан кейін кемиді деген болжам айтқан. Өйткені, 30 жастан кейін туу деңгейі бәсеңдейді. Әсіресе осы үдеріс біздің елде байқалған еді. Қазақстандағы тұрмысқа шығу жасы мен бірінші баланы дүниеге алып келу жасының ұлғаюы есебінен бала туудың орташа жасы артты. Бір қызығы, соған қарамастан 1980-1989 жылдар аралығында дүниеге келген әйелдердің туу көрсеткіші артқан. Әсіресе үшінші, төртінші бала туу жағдайы жиілеген. Біріншіден, елімізде 30 жастан асқан қыздардың үлесі айтарлықтай жоғары. Сондықтан да олардың туу көрсеткіші басым болуы заңдылық. Туудың жиындық коэффициенті орта есеппен алғанда бір әйел қанша баланы өмірге әкелгенін көрсетеді. Туу деңгейін есептегенде осы коэффициентті қолданған дұрыс. Бұл көрсеткіш бізде жылдан жылға өсіп келеді. 2019 жылы бұл көрсеткіш 2,9 деңгейінде болды», − дейді Аяулым Сагынбаева.  
Соңғы 10 жыл ішінде халық көп шоғырланған аймақтардағы өлім-жітім оқиғасы Алматы, Қарағанды, Түркістан және Шығыс Қазақстан облысында көп тіркеледі екен. Соңғы үш жылда ең көп өлім-жітім оқиғасы Алматы қаласында тіркеліп отыр.  width= Қанша нәресте дүниеге келді? Біздің елде туу коэффициенті 2010 жылдан 2019 жылға дейін жылына 367-ден 402 мың балаға дейін өсті. Өткен жылы 425 625 дүниеге келді. Бұл рекордтық көрсеткіш болды. Finprom.kz. хабарлауынша бала туу деңгейі бойынша әлем елдерінің рейтингінде Қазақстан 229 елдің ішінде 105-ші орынға ие болды. Бала туу көрсеткіші бойынша былтыр Түркістан облысында - 55,3 мың, Алматы облысында - 49,1 мың, Алматы қаласында - 32,3 мың нәресте дүниеге келген.  width= 2030 жылы халық саны қанша болады? «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ның демографиялық болжамына сәйкес, 2030 жылға қарай Қазақстанда халық саны 11,8%-ға өсіп, шамамен 20 млн 692 мың адамды құрайды деген болжам бар. Сонымен қатар, 12,7 миллион адам (61,2%) қалалық тұрғындар болады, ал ауыл тұрғындары 8 миллионнан асады (38,8%).
«2030 жылға қарай халықтың 27,4% -ы республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында тұрады. Ал 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш 36% -ды құрауы мүмкін. Өңірлерге келетін болсақ, біздің болжамымыз бойынша, 10 жылдан кейін Алматы және Түркістан облыстарында адам саны 2 миллионға жетеді. Ал Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында халық саны 1 миллионнан асады. 2050 жылға қарай Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Қызылорда облыстары да миллион тұрғыны бар аймақтарға айналады», – деді Еңбек ресурстарын дамыту орталығының болжау департаментінің директоры Дмитрий Шумеков.