Жамбыл облыстық Ішкі саясат басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбыл облыстық Ішкі саясат басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Бейқұт Тілебалдыұлы 1969 жылы дүниеге келген, білімі жоғары. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Дене шынықтыру мәдениеті және еңбек», Қырғыз-Ресей білім беру академиясын «Құқықтану» және  Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін «Қаржы» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1990 жылы Қордай ауданы Шарбақты ауылы №36 Н.Сауранбаев атындағы орта мектебінің мұғалімі болып бастап,  1995-2003 жылдары аталған мектептің директоры, 2003-2008 жылдары Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімі басшысының орынбасары, 2008-2010 жылдары Қордай ауданы әкімінің орынбасары, 2010-2012 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған. 2012 жылдың  қыркүйек айынан бастап бүгінгі күнге дейін Қордай ауданы әкімінің орынбасары лауазымында қызмет атқарып келді. Ішкі саясат басқармасының жаңа басшысын облыс әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев ұжымға таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі. Еске сала кетсек, облыстық Ішкі саясат басқармасының бұрынғы басшысы Дауыл Бейсенқұлов қазір Nur Otan  партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін  атқаруда.

Саятхан САТЫЛҒАН, Жамбыл облысы