Алматыда моншаға барған отбасының бес баласы газдан уланып қалған, деп хабарлады "Евразия" бірінші арнасы.
«Олар төлемді 100 метр қашықтықтағы дүкенде қабылдайды. Монша иесі бізді сыртымыздан жауып кеткен. Бір сағат өтпей жатып, баламның басы айнала бастады. Содан кейін басқа балаларым мен әйелім ауырып, өздерін нашар сезінді, мен есікті аш деп айқайлай бастадым”, – деді балалардың әкесі Мұса Қосмұратов. «Алдымен қатты ыстық әсер етті ме деп ойладым, кейін бірнәрсенің дұрыс еместігін түсіндік. Бір кезде сол жерде қамалып өлеміз бе деп те ойладым», – деді әйелі Бақыт Қыдырбекова.