"1 наурызда сағат 18:59-да Смирново ауылының "101" пультіне Новороссийск ауылындағы тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Бір қабатты үйде өрт шыққаны анықталды. Өрт сөндірушілер келгенше жергілікті тұрғындар 2015 жылы туған баланың мәйітін алып шыққан. Өрт себебі анықталып жатыр, баланың денесі сараптамаға жіберілді", - деп хабарлады СҚО ТЖД өкілі.
Бұған дейін Алматыда моншаға барған отбасының бес баласы газдан уланып қалғанын хабарлаған болатынбыз.