Әлеуметтік желілерде тағы бір әкімнің ұсталғаны туралы хабар тарады
Әлеуметтік желілерде тағы бір әкімнің ұсталғаны туралы хабар тарады
205
оқылды

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде Нұр-Сұлтандағы аудан әкімдерінің бірі ұсталды деген хабарлама тарады. Хабарламада елордадағы Байқоңыр ауданының әкімі Асқар Есіловтің ұсталғаны айтылған.

Аталған ақпаратқа қатысты түсінік берген Ұлттық бюроның баспасөз қызметі қазіргі уақытта бұл хабарламаны растайтын ешқандай дәйек жоқ екенін айтқан дейді Nur.kz.

«Таралып жатқан хабарламаға қатысты ақпарат болса, міндетті түрде хабарлаймыз. Өзіміз де күтіп отырмыз. Біз өз деңгейімізден жоғары басшылықты асықтырып сұраудамыз, бірақ олар әлі ештеңе айта алмайды, сондықтан біз бұл ақпаратты жоққа шығара да, растай да алмаймыз», – деп хабарлады Ұлттық бюроның баспасөз қызметі.