«Украина дауысы» шоуының финалисі Индира Еділбаева, актер әрі әнші Дидар Кәден және бизнесмен Ларион Лян «Nur Otan» партиясын таңдады.
«Nur Otan»-ның құрылғанына 22 жыл толуына орай партияның Алматы қалалық филиалы белсенді және жігерлі алматылықтармен, атап айтқанда Болат Ерасыл, Айрин Сабыржан қатарлы азаматтармен толықты. Партияның жаңа өкілдері қатарында денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, шағын және орта бизнес өкілдері, сондай-ақ БАҚ қызметкерлері, студент жастар мен көпбалалы ана бар. Өз кезегінде тәуелсіздіктің құрдасы, әнші Индира Еділбаева Қазақстанның басты саяси күшінің бір бөлігі болу үлкен мәртебе екенін атап өтті. Кездесуді қорытындылаған «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мейіржан Отыншиев партия қатарына қабылданған азаматтардың қадамына сәттілік тіледі. – Бүгінгі партияға қабылдау Алматы халқының басым бөлігінің «Nur Otan» жұмысына деген сенімін білдіреді. Партияның қалалық және аудандық филиалдары штаттық режимде жұмысын жалғастыруда, қоғамдық-саяси іс-шаралар өткізілуде, қоғамдық қабылдауда өтініш берушілердің өздерін толғандырған мәселелер бойынша өтініштері қаралуда. Бүгінде алматылық нұротандықтар барлық санаттағы азаматтардың лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған партияның сайлауалды бағдарламасын сапалы жүзеге асыруға барын салады, – деді Мейіржан Отыншиев.Әбілмансұр ЖАСАН