Ресейлік танымал журналист, видеоблогер Юрий Дудь қазақстандық әзілкеш Евгений Чебатковпен сұхбат құрып, дарынды қазақстандықтардың тізімін көрсетті.
Юрий Дудьтің тізіміне режиссерлерден - Айсұлтан Сейітов, Медет Шаяхметов, Қанат Бейсекеев, Қуаныш Бейсеков, музыканттардан - Скриптонит, Jah Khalib, МЧТ, IMANBEK, Димаш Құдайберген, Zoloto, 104, Truwer, M'Dee, The Limba, Dequine, Niman, Кисло-Сладкий & Bonah, ИК, Alphavite енген.
Ал, әзілкештерден - Нұрлан Сабуров, Евгений Чеботков, Вячеслав Никифоров, Медет Қалибеков, Ғалым Қалиақбаров және Біржан Қабылбаев.
Танымал журналист бұған дейін Скриптонит, Jah Khalib, Айсұлтан Сейітов, Нұрлан Сабуров сынды қазақстандықтардан сұхбат алған.