Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, кейінгі 10 жыл ішінде қалада туберкулез бен туберкулезден болатын өлім-жітім бес есе азайған.
Дәлірек айтқанда, 2010 жылы 765 адам туберкулезге шалдықса, 2020 жылы бұл көрсеткіш 393 жағдайға дейін төмендеген. Туберкулезге қарсы күрестің жүйелі жүруі қаладағы медициналық ұйымдардың және қаланың көптеген бөлімдері мен құрылымдарының жүйелі қызметімен байланысты. Қазір елордада профилактикалық флюорографиялық тексеруден өткізу үшін 16 стационарлық және 4 жылжымалы флюорографиялық қондырғы бар. Басқарманың мәліметінше, туберкулезді диагностикалаудың сезімтал гендік-молекулалық әдістерін тексеру үшін қалада төрт аппарат бар. Оның үшеуі медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында және біреуі қалалық фтизиопульмонология орталығында тұр. Бұл зерттеу екі-үш сағат ішінде патогеннің болуын және дәрілерге сезімталдықтың бар-жоғын анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатқан туберкулезбен ауыратын науқастарға көрсетілетін әлеуметтік қолдау барын ұмытпаған жөн. Бұрын көмек азық-түлік пакеттері мен жол карталарын бөлу түрінде болса, 2019 жылдың екінші жартысынан бастап 10 АЕК (29 170 теңге) мөлшерінде ай сайынғы ақшалай төлем беріледі.А.ЖОЛДАС