«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясың кезекті отырысы өтті. Жиынға партияның Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева, комиссия мүшелері, депутаттар және БАҚ өкілдері қатысты.
Отырыс барысында үшінші мегаполистің автомобиль жолдары саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Жиында Шымкент қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасов аталмыш басқарманың 2020 жылы атқарған жұмыстары жөнінде есеп берді. Ержан Жақсылықұлының айтуынша, 2020 жылы автомобиль жолдары саласын дамытуға 24,4 млрд теңге қаралып, 261 нысан құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылған. Оның 219-ы 2020 жылы пайдалануға берілді. Ал биыл автомобиль жолдары саласын дамытуға 32,3 млрд теңге қаралып, 128 нысан құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылмақ. Оның 116-сын 2021 жылға дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр. «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы тарапынан арнайы мониторинг жұмыстары жүргізіліп, бірқатар проблемалық мәселе айқындалған. Отырыс барысында басқарма басшысына кемшіліктерді жою бойынша тапсырмалар беріліп, нақты орындалуына үш ай мерзім белгіленді.Әбілмансұр ЖАСАН