Әлеуметтік желіде Алматы облысы Қарасай ауданы Бұлақты ауылының тұрғындары Сүйінбай көшесінде жаяу жүргіншілерге арналған жолдың жоқтығы, мектепке бару үшін жолаушылар кесілген ағаштардың арасымен жүретінін айтып, осы мәселе бойынша өтініштерін жеткізді.
Партиялықтар мен облыстық мәслихат депутаттарының әлеуметтік желідегі мониторинг жұмысының арқасында «Nur Otan» партиясының Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихат депутаты Гүлнәр Тойлыбаева аталған мәселені өз бақылауына алды. Халық қалаулысы ол жолға жаяу жүргіншілер жолағын салу туралы Алматы облыстық Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасына депутаттық сауалын жолдады. Алматы облысының Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан жауапхат келіп, қазір кесілген ағаштардың тамыры алынды. Жаяу жүргіншілер жолағын салу жұмысының сметалық құнын есептеу шаралары жүргізілуде. Құрылыс-монтаждық жұмыстары алдағы уақытта басталатын болды.Әбілмансұр ЖАСАН