«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық филиалында партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті. Жиынға Маңғыстау облыстық партиялық бақылау комиссиясы төрағасының орынбасары Ғ.Құрманғалиев, «Nur Otan» партиясы Ақтау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Мұханов, қалалық мәслихат депутаттары мен комиссия мүшелері қатысты.
Күн тәртібінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының мемлекеттік сатып алу порталында жіберген қателіктер және бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде резонанс тудырған «Ақбөбек» балабақшасында жылыту жүйесінде болған мәселелер қаралды. Сонымен қатар үй-жайларды залалсыздандыру жағдайы сөз болды. Отырыс соңында тұрғын үйлерді газбен жабдықтау жүйесі, газбен улану деректерінің алдын алу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар тыңдалды. Комиссия мүшелері күн тәртібіндегі әр мәселені жан-жақты қарап, жауапты мекемелердің осал тұстарын көрсете отырып, ұсыныстар берді. Жұмыстардың нәтижелігін арттыру мақсатында арнайы мониторинг топ құрылып, жауапты мекемелердің жұмысы қадағаланады.Әбілмансұр ЖАСАН