«Nur Otan» партиясының Павлодар облыстық филиалында өңірдегі бастауыш партия ұйымдарының төрағалары және Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченконың қатысуымен кездесу өтті.
Кездесу барысында қатысушылар партияның сайлауалды бағдарламасының мақсаттары мен міндеттерін, сондай-ақ өңірдегі жастармен өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады. – Партия халық пен билік арасын байланыстырушы алтын көпір болып тұр. Сондықтан біз әрқашан тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарына құлақ асып, оны жүзеге асыруға атсалысуға бар күшімізді саламыз. Партия құрамындағы азаматтар да халыққа берген барлық уәделердін орындауы тиіс, – деді Илья Теренченко. Жиында филиал басшылығы облыс жастарын қолдау жөнінде арнайы комиссия құру туралы шешім қабылдады. Бұл комиссияға қоғамдық бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар көшбасшыларының, қалалық және облыстық мәслихаттар депутаттарының өкілдері, сондай-ақ жастар саясаты мәселелері басқармасының басшылары кіреді.Әбілмансұр ЖАСАН