«Самұрық-Қазынаның» таза табысы 1 триллион теңгеден асты
«Самұрық-Қазынаның» таза табысы 1 триллион теңгеден асты
166
оқылды

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Қор тобына кіретін көптеген компаниялардың есеп беру қорытындылары бойынша 2019 жылғы жұмысына оң баға берді, – деп хабарлайды Тengrinews.kz.

2019 жыл қорытындысы бойынша Қор компаниялар тобы бойынша 922 млрд теңге көлемінде операциялық пайда (NOPLAT) алынды, бұл жоспарлы көрсеткіштен 20,5 пайызға немесе 157 млрд теңгеге артық. Таза табыс 1 256 млрд теңгені құрады, бұл жоспардан 38 пайызға артық.

«Самұрық-Қазына» АҚ тобының борыштық жүктемесі 2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін 1 триллион теңгеге төмендеді, ал сыртқы қарыз 5,1 млрд АҚШ долларына төмендеді. 2019 жылдың қорытындысы бойынша акционерге түсетін дивидендтер саны 189 млрд теңгені құрады.

«Бұл нәтижелер – Елбасы 2018 жылдың сәуірінде бекіткен Қордың жаңа стратегиясының іске асырылуы», – деді Ахметжан Есімов.

2019 жылдың қорытындысы бойынша Қор компаниялары тобынан бюджетке түскен түсім 1,2 триллион теңгеден аса немесе елдің жиынтық бюджетіне түсетін түсімнің 10 пайыз. Ашық тендер және баға ұсыныстарын сұрату әдістерінің үлесін арттыру арқылы сатып алудың жаңа моделіне көшу есепті кезеңде 155 млрд.теңге үнемдеуге ықпал етті.

«Эйр Астана» АҚ жолаушылар тасымалы 2018 жылмен салыстырғанда 17 пайызға өсті. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ таза кірісі 39 пайызға өсті. «ҚТЖ» ҰК» АҚ операциялық кірісі 2018 жылмен салыстырғанда 35 пайызға артты. Кездесу қорытындысы бойынша портфельдік компаниялардың тиімділігін арттыру тұрғысынан 2020 жылға арналған негізгі міндеттерді белгіледі.