Алаяққа сенген тұрғын 3 миллионға жуық теңгесінен айырылды
Алаяққа сенген тұрғын 3 миллионға жуық теңгесінен айырылды
133
оқылды

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті хабарлағандай, Әуезов полиция бөліміне 25 жастағы тұрғын хабарласқан.

Ол былтыр наурыз айында несие ресімдеуге көмектесетіндігін айтқан танысына 2 800 000 теңге берген.

«Жедел іздестіру нәтижесінде, полицейлер 27 жастағы күдіктіні қолға түсірді. Ол өз кінәсін мойындап отыр», – деді Полиция департаментінің бастығы Сағат Мадиев.

Тергеу басталды.