Өскемен қаласындағы Оралхан Бөкей атындағы орталық кітапханада Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Барымыз да, бағымыз да Тәуелсіздік» атты панорамалық көрменің және 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Көктем шуағы» фотокөрмесінің ашылу салтанаты өтті.
Іс-шараға «Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы Саяси жұмыс бөлімінің басшысы Саят Жанатұлы, «Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының төрағасы, Өскемен қалалық мәслихатының депутаты Алмас Айтмұқаш және өзге де саланың өкілдері қатысты. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған көрмеде еліміздің тарихындағы негізгі тарихи сәттерден сыр шертетін фотосуреттер мен естеліктер, сондай-ақ шығармалар жиынтығы қойылған. Ал «Көктем шуағы» фотокөрмесі Елбасы – Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл сайын 8 наурыздағы нәзік жанды арулармен кездесуінен сыр шертеді.Әбілмансұр ЖАСАН