ШҚО-да танысының атынан несие рәсімдеген алаяқ ұсталды
ШҚО-да танысының атынан несие рәсімдеген алаяқ ұсталды
© polisia.kz
383
оқылды
Шығыс Қазақстан облысы жедел уәкілдері онлайн -“алаяқты” құрықтады,-деп хабарлайды Polisia.kz. Полиция департаменті жедел қызметінің қызметкерлері онлайн-несиемен адамдарды алдап жүрген алаяқты анықтап, ұстады. Ағымдағы жылдың қаңтар айының соңында бірнеше тұрғын алаяқтардың құрбаны болды. Өскемендіктердің айтуынша, кредиттік қарыздарды өтеу туралы смс-хабарламалар келген. Бірақ несие ресімдемеген тұрғындар, қаржылық ауыртпалықтарды өз мойнына алудан бас тартқан. Тәртіп сақшылары облыс тұрғындарын үш рет алдаған Алматы облысының 23 жасар тұрғынын анықтады. Жалпы соммасы 100 000 теңге көлемінде шығын келтірген. “Тергеу барысында күдіктінің жәбірленушімен таныс болғаны анықталды. Заңсыз ақша табу мақсатында ер адам сенімге кіргеннен кейін жеке куәлікке қол жеткізді.Сауалнамалық мәліметтер мен өз құрбандарының құжаттарының көшірмелерін шағын қаржы ұйымдарына беріп, онлайн – несие ресімдеген”, – деп мәлімдеді полиция департаменті бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов. Қазіргі таңда алаяқтық фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлігі 4-тармағына (Ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдау немесе сенімін теріс пайдалану) сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. “Қазіргі заманғы технологиялармен байланысты қылмыстар бойынша тергеу ІІД басшылығының ерекше бақылауында. Алаяқтықтың алдын алу мақсатында қазақстандықтарды мұқият әрі қырағы болуға, жеке мәліметтерді үшінші тұлғаларға жібермеуге шақырамыз”,- деп қорытындылады Талғат Шаяхметов.