«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалында партия филиалы жанындағы Miras аймақтық қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.
Шараға кеңес мүшелері, партия белсенділері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Отырыс барысында Miras аймақтық қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы бекітіліп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен де қымбат» мақаласындағы айтылған бағыт-бағдарламалар және сол бағыттар бойынша атқарылатын жұмыс жоспары талқыланды. Miras аймақтық қоғамдық кеңесінің 2021 жылға жоспары Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына негізделген. Партия филиалы 30 жылдыққа арнап кешенді жоспар дайындаған. Партия филиалы қоғамдық кеңеспен бірлесе бірқатар жаңа жобаларды іске асырады. Отырыс барысында «Айтыс» клубының жетекшісі Біржан Байтуов, Шымкент қалалық мәслихат депутаты Рашкүл Оспаналиева атқарылатын жұмыстар бойынша ұсынысын білдірді. Сондай-ақ Miras аймақтық қоғамдық кеңесінің төрағасы, жазушы, публицист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Момбек Әбдіәкім кеңес құрамындағы және қалалық бірқатар мекемелердегі жауапты қызметтегі қыз-келіншектерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады.Әбілмансұр ЖАСАН