Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады. 2021 жылғы 8 наурыздан бастап SCAT әуекомпаниясына Ақтау және Үргеніш қалалары арасында аптасына 2 рейске рұқсат етілді.
«Рейстер Б-737 әуекемесімен дүйсенбі және сәрсенбі күндері ұшатын болады. Оның барысында санитарлық-эпидемиялық талаптар қатаң сақталады. Ұшу кестесі әуе- компанияның сайтында жарияланады», – деді ведомство. Бұдан бөлек, Түркістан қаласының жаңа халықаралық әуежайынан ұшатын алғашқы халықаралық рейстерге билет сатыла бастады. 2021 жылғы 21 наурызда Fly Arystan әуекомпаниясы «Түркістан–Стамбұл–Түркістан» бағытында алғашқы халықаралық рейс басталады. Түркістан және Стамбұл қалалары арасында тұрақты әуеқатынасы аптасына 2 рет – жұма, жексенбі күндері А-320 әуекемесі қатынамақ. Кейін аптасына 7 рейске дейін ұлғаяды, яғни күн сайын ұшады. Билет бағасы 39 999 теңгеден басталады. Осының алдында ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес «Алматы–Душанбе–Алматы» бағытында Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы тұрақты рейстерді қайта ашуға рұқсат етілді. Тиісінше, 14 наурыздан бастап Air Astana әуекомпаниясы Алматы мен Душанбе қалалары арасында аптасына 1 рет – жексенбі сайын тұрақты қатынамақ. Ал Тәжікстан жағынан Алматы мен Душанбе қалалары арасында тұрақты әуеқатынасын 18 наурыздан Somon Air әуекомпаниясы жүзеге асырады: бейсенбі күндері бір рейс қайтады.Елдос СЕНБАЙ