«Nur Otan» партиясының Ақмола облыстық филиалының қоғамдық қабылдауына мүгедектікті рәсімдеу үшін тексерілуге (бауыр циррозы) көмек көрсету туралы Юлия Наумовадан өтініш келіп түсті. Ол МӘМС болмағандықтан ауруханаға жатқызылмаған.
Степногорск қаласының тұрғыны 2-топтағы мүгедек әрі үш баласын жалғыз тәрбиелеп отырған жалғызбасты Юлия Наумова қазір жұмыссыздар санатында. 17 ақпанда Наумова Халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде есепке алынып, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде кеңес алды. Нәтижесінде, өтініш иесі 4 күн өткеннен кейін емханада тегін тексеруден өтетін болды. Тексеру қорытындысы бойынша Юлияға мүгедектікті анықтауға көмек көрсетіледі. Бүгінде АӘК және тұрғын үй көмегін (коммуналдық қызметтерді төлеуге) рәсімдеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ аудандық мәслихат депутаттарымен азық-түлік себетіне көмек көрсетілді. Мәселе оң шешімін тапты.Әбілмансұр ЖАСАН