Теміртауда садақ атудан Қазақстан чемпионаты басталды
Теміртауда садақ атудан Қазақстан чемпионаты басталды
© olympic.kz
525
оқылды
Теміртау қаласында садақ атудан Қазақстан чемпионаты басталды, - деп хабарлайды Olympic.kz. Классикалық садақ атудан ерлер арасындағы бәсекеде Ильфат Абдуллин алда келеді. Екінші орында Денис Ганькин, үшінші сатыда Фуркат Гульматов орналасқан. Әйелдер арасында Анастасия Баннова көш бастады. Алина Ильясова екінші, Фарида Тукебаева үшінші сатыда. Блоктық садақ атудан Ақбарәлі Қарабаев бірінші сатыда тұр. Екінші және үшінші орында тиісінше Павел Фишер мен Ансар Ягудиев иеленген. Әйелдер арасында Диана Макарчук, Виктория Лян және Адель Жексенбиновалар алдыңғы орында тұр. Финалдық бәсекелер 8 ақпанда өтеді.