Қордайдағы төбелес: Тоқаев тәртіп бұзғандар жауапқа тартылатынын мәлімдеді
Қордайдағы төбелес: Тоқаев тәртіп бұзғандар жауапқа тартылатынын мәлімдеді
© Сурет ғаламтордан
422
оқылды
7 ақпанда Масанчи ауылының тұрғындары арасында жанжал шықты. Полиция олардың әрекетін бұзақылық деп санайды
НҰР-СҰЛТАН, 8 ақпан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының Масанчи ауылында болған жаппай төбелестен кейін мәлімдеме жасады. "Жамбыл облысы Қордай ауданында бұзақылық сипаттағы жаппай төбелес болды. Оны арандатушылар өз пайдасына қолданбақ болған", - деп жазды Тоқаев Twitter-дегі аккаунтында.

 Мемлекет басшысының мәліметінше, полиция жағдайды реттеп, өз бақылауына алған. "Қоғамдық тәртіпті бұзғандар жауапкершілікке тартылады", - деп түйіндеді ол. Естеріңізге сала кетейік, кеше Жамбыл облысының Қордай ауданында жергілікті тұрғындар арасында жаппай төбелес болды. Өңірлік полиция департаменті жағдайдың бақылауға алынғанын хабарлады. Тергеу басқармасында қылмыстық кодекстің 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Төбелес қатысушылары анықталып жатыр.