Бопсалаудың да шегі бар
Бопсалаудың да шегі бар
347
оқылды
№2 Атырау қалалық соты «Дина», «Сарайшық» және «Көк­тем» базарларында өзбек­­стандық саудагерлерді боп­салап, «ақша алды» деп айып­талған адвокатқа, поли­цейге және жергілікті төрт тұр­ғынға қатысты үкім шы­ғар­ды.
Сотта анықталғандай, облыс­тық адвокаттар алқасының мүшесі және оның заңды кеңсе­сі­нің үш қызметкері өткен жылдың ақпан-наурыз айларында қала базарларын аралап, Ресейдің «Хрюши против» жастар ұйымына еліктеп, сауда ережелерінің бұ­зылуына қарсы күрескен. Олар көздеген мақсатына жету үшін өзбектерді көп жағалаған. Сауда­герлерден тауарларының серти­фикатын ұсынуды, сауда чектерін талап етіп ұялы телефондарының камераларына түсірген. Олар талап еткен сертификаттар сауда­герлерде жоқ болатын. Көп ұзамай өздерін мақсатты түрде бопсалап жүргенін білмейтін саудагерлер тексерулер мен айыппұлдар төлеп шаршап, айыппұл салушылардан мәселені оң шешіп беруін өтінеді. Міне, осыдан соң оқиғаның же­лісі басқаша өрбиді: атыраулық «хрюшалар» оларды жайына қал­дырып, бұл үшін олардан жүйелі түрде 50 мыңнан 100 мың теңгеге дейін ауызбастырық алып отырған. Көнбегендерін өздеріне сыбайлас – учаскелік полиция инспекторының көмекшісіне тірек пунктіне жөнелткен. Ол жерде оларды депортациялаймыз деп қоқан-лоқы жасаған. Соңы­нан қорқытып алған ақшаны өзара бөліп алып отырған. Соны­мен қатар полиция қызметкері хабарлама бойынша барып, сау­дагердің біріне абайсызда ауыр дене жарақатын келтірген.
Бұдан басқа, бопсалаудан әккі болған заңгерлер ірі мөл­шер­де қарызы болғандықтан ше­телге шыға алмай жүрген жер­гі­лікті тұрғынның кеңес алуға келгенін пайдаланып, оған «сот орындаушысы өзін зорлады-мыс» деп арыз жазғызып алған. Тергеу барысында сот­талу­шылар кінәларын мойын­дап, жәбір­ленушілерге кел­ті­ріл­ген мү­ліктік зиянды толық өтеп, іс бойынша жинақтал­ған дәлел­демелерді дауламай, прокурордың, жәбірленушілердің, сотталу­шы­лардың, олардың адвокаттарының қатысуымен кінәні мойындау туралы мәміле түріндегі процестік келісім жасақталды. Сот үкімімен Қылмыстық ко­де­кстің 194-бабы 2-бөлігі 2,3-тармақтарымен, 419-бабы 3-бө­лігімен, 361-бабы 1-бөлігімен және 114-бабы 3-бөлігімен айып­тал­ған сотталушылар кінәлі деп таны­лып, әрқайсысына 3 жыл 6 ай мер­зімге бас бостандығынан шек­теу жазасы тағайындалып, оларға проба­циялық бақылау белгіленді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.    width=Тұрсын ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ Атырау облысы