Алматыда 79 жасқа қараған шағында Қазақстан онкологтар қауымдастығының мүшесі, жоғары санаттағы онколог дәрігер, академик, профессор, медицина ғылымдарының докторы Райымқұл Қарақұлов өмірден өтті.
Дәрігердің қазасы туралы Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының әлеуметтік желідегі парақшасында хабарланды.
ҚазОРҒЗИ басқарма төрағасы Диляра Қайдарова бастаған институт ұжымы Райымқұл Қарақұлұлының отбасы мен жақындарына көңіл айтты.
Райымқұл Қарақұлов 350-ден астам еңбек жариялады (оның 50-і – шетелде). Оған қоса, екі монографияның авторы.
Райымқұл Қарақұлов 1942 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданында дүние келген. Медицина ғылымдарының докторы, профессор, КСРО Денсаулық сақтау ісінің үздігі, КСРО өнертапқышы.